Өңірлер

«Даму» қоры өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласындағы ШОБ субъектілеріне қолдау көрсету бағдарламасын бекітті

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директорлары кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан28 Қараша , 09:48

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе - өңдеу өнеркәсібі саласындағы ШОБ субъектілеріне ҚР Президентінің Қазақстан халқына «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» Жолдауының аясында Ұлттық қордан бөлінген 50 млрд. теңгеден несие беру талаптарын қарастыру болды.

Директорлар кеңесі несие қаражатын ШОБ-тің тек жаңа жобаларын қаржыландыру үшін ғана беру туралы шешім қабылдады. Салалар тізіміне қосымша қызмет көрсету салалары қосылып, сондай-ақ несиені айналым қаражатын толықтыру үшін алу мүмкіндігі ұсынылды.

Бөлінген қаражат борышкерлерге 10 жылға дейінгі мерзімге 6 пайыздан аспайтын ең төменгі мөлшерлеме бойынша беріледі.

Желтоқсан айының басында «Даму» қоры 13 серіктес банкпен несиелік келісімдер жасасқаннан кейін қаражат банктердің арнайы есепшоттарына түсіп, ШОБ кәсіпорындарын несиелендіру үшін қолжетімді болады.

Отырыс қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау Бағдарламасы бекітілді.

 




Яндекс.Метрика