Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Н.Назарбаевтың жаңа экономикалық саясаты бізді дағдарыстан алып шығады - депутат

Н.Назарбаевтың жаңа экономикалық саясаты елді дағдарыстан алып шығады, деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ахмадиев ИА Strategy2050.kz. берген сұхбатында.
Нұр-Сұлтан28 Қараша , 09:16

«Мен Қазақстан халқы Тұңғыш Президент күнін атап өтуді ұсынғанына өте қуаныштымын.  Н.Назарбаев бізге соншалықты көп нәрсе жасады, біз оған ондай жасаған жоқпыз.  Кеңес одағы ыдырағаннан кейін көптеген елдерде соғыс болды, қантөгістер орын алды. Қазақстан болса бейбітшілігін, тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтай алған бірден бір ел.   Ең алдымен оған Көшбасшымыздың дұрыс жүргізген саясатының арқасында қол жеткіздік, соның ішінде ұлттық саясатының арқасында»,- деді М.Ахмадиев.

Депутаттың пікірінше, барлық елде қаржылық дағдарыс өршіп, мұнай бағасы төмендеп, доллар көтеріліп, рубль түсіп, әлеуметтік бағдарламалар қысқарып жатыр.   Бұл ретте көптеген елдер «белдерін бекем бууда». Ал өз кезегінде Президент «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жаңа экономикалық саясатын жариялады. Оның аясында Ұлттық қордан ел мұқтажына 500 млрд бөлу қарастырылған», - деді ол. 

Еске салсақ, 1 желтоқсанда тәуелсіз Қазақстанда жалпыұлттық президент сайлауы өтті. Сол күні, 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет сайлау болып, нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның президенті болып сайланды. Тұңғыш Президент 98,78 пайыз дауыс жинады.

Камила Амирова

 




Яндекс.Метрика