«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

2020 жылға дейін Қазақстанда 1,4 млн шаршы метрден астам әлеуметтік арендалық тұрғын үй салынады

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағын­таев Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан28 Қараша , 09:01

«Кеңес жұмысына ҚР Парламенті де­пу­тат­тары, орталық мемле­кеттік органдардың және «Бәй­терек» ҰБХ» АҚ-тың басшылары қатысты. «Нұрлы Жол – болашаққа бас­тар жол» атты Қазақстан халқына Жол­­дауында ҚР Президенті халыққа ар­налған пайыздық мөлшерлемелері төмен әлеумет­тік арендалық тұрғын үй құры­лысына көзқарасты қайта қарау­ды тапсырған болатын», - делінген хабарламада.

Осыған байланысты «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арендалық тұрғын үйді салу мен сату тетігін таныстырды. Осы мақ­саттар үшін Ұлттық қордан 2015-2016 жылдарға 180 млрд. теңге, оның 35 млрд. теңгесі ин­­женерлік-коммуникациялық инф­рақұрылым тартуға, 145 млрд. теңге арендалық тұр­ғын үйді салу мен сатуға бөлі­не­ді. Жалпы холдинг қаржыландырудың қо­сым­­ша көздерін ескере оты­­рып, арендалық тұрғын үй құрылысына 250 млрд. теңге бағыттауды жоспарлап отыр. 2020 жылға дейін пайдалануға бері­летін тұрғын үй 1,4 млн. шар­шы метрді құрайтын болады.

Сондай-ақ, кеңесте әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, атап айтқанда, мектепке дейінгі білім беру мекемелерін салу, үш ауысымды және апатты мектептерді жою мәселелері қаралды.

Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында 2015-2017 жылдары 36 балабақша мен 67 мектеп салу жоспарлануда, қаржыландырудың жалпы көлемі 90 млрд. теңгені құрайтын болады.

Бұдан өзге, Қазақстанның үдемелі индустриялық-иннова­циялық мемлекеттік даму бағ­дарламасы үшін базалық ретін­де белгіленген 10 ЖОО-ның инф­рақұрылымы мен мате­риал­дық-техникалық базасын дамытуға 10 млрд. теңге бөлінетін болады.

 

 

 




Яндекс.Метрика