Халықаралық интеграция

«Бейбітшілік үшін әріптестік» әскери кадрларды дайындауға көмектеседі - Қорғаныс министрлігі (Фото)

ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс университеті делегациясының чехтық Брноға сапары «батыстық жедел өнер» оқу бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыстың жалғасына айналды, деп хабарлады ведомствода.
Әлемде 27 Қараша, 19:12

Университет басшысының орынбасары - Басштаб факультетінің бастығы полковник Альберт Мұхаметов бастаған қазақстандық оқытушылар Чехияның қорғаныс университетіндегі әріптестерімен оқу процесінде академиялық мобильділік элементі ретінде қолданылатын аталмыш бағдарламаның басым бағыттарын талқылады. 

«Қазақстан мен Чехияның қорғаныс университеттері арасындағы әскери білім мен әскери ғылымды дамыту саласында ынтымақтастық пен өзара қарым-қатынасты дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды», - делінген хабарда

Әскери кадрларды дайындау, тыңдаушыларды әскери ғылымға үйрету тәжірибесімен бөлісу ҰҚУ делегациясының Форт-Левенвортте орналасқан АҚШ Армия колледжініің командалық-штабтық озық зерттеулер Мектебіне барғандағы сапарының басты мақсаты болатын. Мұнда қазақстандық оқытушылар Чехияның Қорғаныс университетіндегі секілді АҚШ Армия колледжінде де әскери студенттердің сабақтарына кірді.

 «Бағдарлама аясындағы өзара қарым-қатынас әскери ЖОО-лар арасындағы байланысты нығайтады, ал тәжірибе алмасу әсіресе заманауи әскери істі дамыту жағдайында, әскери-шығармашылық ойға қол жеткізуге, әскери білім сапасын арттыруға  және әскери мамандарды дайындауға ықпал етеді», - деді А.Мұхаметов.





Яндекс.Метрика