ҚР ИИДМБ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҮИИД бағдарламасына өзгерістер енгізбек

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi ҮИИД бағдарламасына азық-түлiк өнiмдерiне қолдау көрсету мақсатында өзгерiстер енгiзудi жоспарлауда, деп мәлімдеді бүгiн «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауына арналған Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында ведомство басшысы Асылжан Мамытбеков.
Астана қаласы27 Қараша , 17:47

«Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау, ауыл шаруашылығы саласындағы өндірістік инфрақұрылымдық кедергілерді төмендетуге, тамақ индустриясын дамыту, білікті мамандармен саланы қамтамасыз ету мақсатында 2015-2019 ҮИИД бағдарламасына министрлік тарапынан өзгерістер енгізілмек», деп мәлімдеді министр.

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда да көптеген жұмыстар атқару қажет. Мемлекет басшысы жаңа Жолдауында, әсіресе, тамақ өнеркәсібін дамытуға көбірек көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Тиісті шаралар Жолдауда айқындалған Инфрақұрылымдық даму жоспарында қамтылатын болады. Сонымен, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту шеңберінде Министрлік халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарының пайдаланылмайтын суармалы жерлерін қалпына келтіру мақсатында топтық су құбырларын салуға және жаңартуға жыл сайын қаржы бөлуді жоспарлап отыр», - дедi А.Мамытбеков.

Оның айтуынша, бағдарламаның «Азық-түлiк өнімдері» бөлімін қаржылай қолдауды нығайту үшін Министрлік Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Бұдан басқа, шағын және орта бизнеске, сондай-ақ тамақ өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпкерлікке жеңілдікпен несие беру үшін қаржы бөлу, яғни тамақ және химия өнеркәсібі, машина жасау, сондай-ақ, қызмет көрсету саласындағы жобаларға жеңілдікпен несие беру мәселесін пысықтау жоспарланып отыр», - дейді.

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика