Мәдениетті жаңғырту

Астанада мәдени жаһанданудың тенденциялары мен келешегі талқыланды

Бүгін Астанада «Мәдени жаһанданудың тенденциялары мен келешегі» ғылыми-зерттеу жобасының жүзеге асырылуына арналған Халықаралық конференцияның ашылуы өтті.
Астана қаласы27 Қараша , 18:33

Мәдениет және спорт министрлігі хабарлағандай, конференция Қазақстан және алыс-жақын шет мемлекеттердің өнертану, археология, тарих, ғылымы мен мәдениеті саласындағы көрнекті қайраткерлерінің басын қосты.

Конференцияның ашылуы рәсіміне қазақстандық және шетелдік эксперттармен қатар ҚР мәдениет және спорт министрі ЮНЕСКО кластерлік бюросының маманы Ю. Пешков, түрктанушы-ғалым Э. Визинтайнер, Матенадаран (Армения) директорының кеңесшісі А.Хзмалян, Колумбия университетінің профессоры Р. Абазов, Қазақ ұлттық өнер Академиясының ректоры Б. Нүсіпжанова қатысты.

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры Қазақстан мәденисаясаты Тұжырымдамасының отандық мәдениеттің әлемдік мәдени кеңістікке жаһандану үрдісіндегі маңызды орнын белгілеп өтті:

 «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Қазақстан мәдени саясатының Тұжырымдамасын жасақтаушы болып табылады. Қазіргі уақытта Институт бірнеше ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асырып, олардың қорытындылары бойынша осы конференция ұйымдастырылып отыр. Болашақтағы зерттеу жұмыстарын кеңейте отырып, Қазақ ғылыми-зерттеу институты алдағы 3 жылға арналған 6 ірі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр», - деді А. Хазбулатов.

Конференция қатысушылары айтып өткендей, әлемдік мәдени кеңістікке қосылу отандық мәдениеттің шетелде кеңінен таралуына, отандық және әлемдік мәдениет мақсаттары мен міндеттерінің жақындасуына, мәдени, ғылыми бағдарламалар және жобалармен алмасуға мүмкіндік береді. Бұл орайда Қазақстанның шет мемлекеттердегі имиджін асқақтату мақсатында отандық мәдениетін насихаттау қажеттігі туындайды.

Сонымен қатар конференцияда мәдениеттің қазіргі заман жаһандану үрдістерімен өзара байланысты теориялық және практикалық мәселелері, Қазақстан мәдениетінің саяси бағдарға, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық құрылымына, шығармашылық мұралары мен рухани потенциалына сәйкес өзекті мәселелері талқыланды.

Аталмыш шара мемлекетіміздің алдыңғы қатарлы ғылым және мәдениет ордаларының қатарына жататын Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының 80-жылдығының қарсаңында өткізіліп жатқандығын еске саламыз. 




Яндекс.Метрика