«Соңғы кездері Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс тәжірибесін қабылдап жатқан мемлекеттер саны артуда. Кеңес одағы ыдырығаннан кейін көптеген елдерде соғыс, қантөгістер орын алды. Қазақстан болса - бейбітшілігін, тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтай алған бірден бір ел. Оған ең алдымен көшбасшысының сындарлы саясатының, соның ішінде дұрыс ұлттық саясатының нәтижесінде қол жеткіздік. Сондай-ақ толерантты қазақ халқы мен Қазақстан халқы ассамблеясының табысты жұмысының арқасында»,- деді М.Ахмадиев.
Еске салсақ, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА ХХІ сессиясы барысында 2015 жылды - Қазақстан халқы ассамблеясының жылы деп жариялады. «Алдағы 2015 жылды Қазақстан халқы ассамблеясының жылы деп жариялауды ұсынамын», - деді Н.Назарбаев.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті үкіметке ҚХА-мен бірге Ассамблея жылы мен Республика Конституциясының 20 жылдығын өткізу бойынша ұлттық шаралар жоспарын әзірлеуді, сондай-ақ Астанада Қазақстан халқының форумын өткізуді тапсырды.
ҚХА басты міндеті - мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыру, ҚР-дағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және ұлтаралық қатынастар саласында мемлекеттік және азаматтық өзара қарым-қатынастың тиімділігін арттыру.
Камила Амирова