Мәдениетті жаңғырту

«Менің Қазақстаным» республикалық фестивалінің ақтық мәресі наурыз айында Астанада өтеді

«Менің Қазақстаным» республикалық фестивалінің ақтық мәресі наурыз айында Астанада өтеді, деді ОКҚ брифингінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ахмадиев.
Астана қаласы 27 Қараша, 16:09

«ҚХА-ның 9 депутатының біреуі ҚХА-ның  20 жылдығына арналған шараларға қатысады. Әркім өз бастамасын енгізуге тырысады. Мәселен, мен «Менің Қазақстаным» республикалық этно-мәдени фестивалін өткізуді ұсындым. Қатысушылар шығармашылық топтар болуы тиіс. Екіншіден, олар тек қазақтың халық әндерін орындайды», - деді ол.

М.Ахмадиев атап өткендей, ақтық мәре Астана қаласында 1 наурыз күні өтеді.Республикалық фестиваль үш кезеңнен тұрады.Шара қазақстандық қоғамды қазақ музыкасы мен әнін білу арқылы таныту үшін ұйымдастырылып отыр.

Келер жылы Үкімет шара аясында ҚХА мерейтойына арналған ұлттық жоспар дайындайды. Сондай-ақ, «Шексіз ән» халықаралық музыка фестивалін өткізу жоспарланған. Фестивальға қатысушылар Астанада 30 тамыз өтетін гала-концертке қатысатын болады. 

Камила Амирова 





Яндекс.Метрика