ҚР ИИДМБ

ҚР-да 2020 жылға қарай жалпы оқитын пәндер үлесі 15%-ға азайтылады

Қазақстанда 12 жылдық білім беруді жүзеге асыру аясында бакалавриат түріндегі жалпы білім беру бағдарламасындағы жалпы пәндер үлесі 25%-дан 15%-ға дейін азайтылады.
Казахстан27 Қараша , 16:48

Елдің 2050 жылға дейінгі стратегиялық дамуы мен Қазақстанның  әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру туралы Тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі, Мемлекет басшысы атап өткендей, еңбек өнімділігінің артуы.  

Алға қойылған міндеттерге бірнеше бағыттарды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады.  Мәселен, ҚР БҒМ ақпарынша, академиялық мобильділікті арттыру үшін студенттерді оқу жылының барлық кезеңінде бір жылдан аз емес академиялық кезеңге шетелге оқуға жіберу жоспарлануда, соның ішінде ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы есебінен де. 

2020 жылы ЖОО-лардағы тәрбие жұмысы күшейтіледі, жемқорлық деңгейін барынша төмендету жоспарлануда. Сонымен қатар ЖОО-лардың академиялық, қаржылық және басқарушылық қызметтерінде ЖОО-ларды  автономиялау қағидасы жүзеге асырылады. 




Яндекс.Метрика