ҚР ИИДМБ

ҮИИД МБ аясында 2016-2019 жылдар аралығында 17 мың маман дайындалады

ҮИИД МБ басым салалары бойынша кадрға қажеттілік анықталды, 2016-2019 жылдар аралығында 17 мың адам керек.
Казахстан27 Қараша , 17:32

Базалық ЖОО-ларда 10 530 маман шығады деп күтілуде. Оның ішінде металлургия бойынша - 2760, мұнай-газ саласы бойынша  - 1220, химия өнеркәсібінде   - 469, тамақ өнеркәсібінде - 1537, машина құрылысында - 1895, құрылыс материалдарын шығару саласында - 348, инновациялық салада -2301 адам. Басқа салалық ЖОО-лар базасында - 6470 маман дайындалатын болады, деп хабарлады ҚР БҒМ.  

Сондай-ақ, жаңа мамандықтар үшін 22 зертхана ашу жоспарлануда. 

Сонымен қатар, Қазақстанда өндірісті 14 индустриалды бағдарлама мен жобалар бойынша жоғары білікті кадрлармен қамаматсыз ету картасы әзірленді. 

«БҒМ индустриаландырудың басым салаларына талдау жасап, біртекті салалық құрылымы бар 6 өңір, сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадр дайындауға арналған 10 ЖОО анықталды», - делінген хабарда. 

Бұл ретте бүгіні таңда жоғары және жоғарыдан кейінгі білімі бар кадрды дайындаумен 127 жоғары оқу орны айналысады, соның ішінде 9-ы ұлттық, 31-і мемлекеттік және 1-уі халықаралық.  




Яндекс.Метрика