Білім беру

Қарағандыда несие серіктестіктеріне мамандар дайындайтын болады - ҚазАгро

Қарағанды банк колледжі меморандум бойынша несие серіктестіктеріне мамандар дайындайтын болады, деп хабарлады ҚазАгро.
Қарағанды27 Қараша , 17:03

 ««Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Ж.Қ.Бүкенов атындағы Қарағанды банк колледжі» жекеменшік мекемесімен меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес, колледж болашақ несие серіктестік қызметкерлерін дайындайтын болады», - делінген хабарламада.

Несие серіктестіктерінің болашақ мамандары «Қаржы», «Бағалау» және «Ауыл шаруашылығындағы инвестицияларды несиелеу» мамандықтары бойынша білім алатын болады. Сондай-ақ, колледж студенттеріне өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігі беріледі.




Яндекс.Метрика