Урбанизация және өңірлер дамуы

Жаңаөзен қаласында әлеуметтік инфрақұрылымдардың салынуы

Жаңаөзен қаласында 2012-2020 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық кешенді жоспары жүзеге асырылады, бұл туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының қызметін атқарушы Жанагүл Ұланова айтты.
Маңғыстау26 Қыркүйек , 18:26

 «Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012-2020 жылдарға арналған жоспары.  

2013 жылы республикалық бюджеттен 10 млрд теңге бөлінді, оның 8,7 млрд-ы республикалық бюджеттен бөлінсе, 1,3 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен шықты.

2013 жылы «Жұлдыз» шағын ауданында 320 орындық балабақша мен «Бостандық» шағын ауданында 624 орындық орта мектеп пен «Рахат-3» ауданында су өндіру жүйесі ашылады. Сонымен қатар, «Жұлдыз», «Мерей» шағын аудандарында емханалардың құрылысы жоспарланып отыр.

2014 жылдың соңына қарай «Мерей» шағын ауданында 1200 орындық мектеп пен Тенге ауылында 900 орындық орта мектептің ашылуы жоспарланып отыр. Жаңаөзен қаласында жылу энерго орталығының салынуы мен өнімдерді қайта өңдеу мекемелері ашылады.

Шаралар барысында 6 учаскелік полиция мекемесі мен жедел оперативті басқарма Орталық «Шаңырақ» ауданында салынады.

«Рубеж» қадағалау стационарлы орталығының құрылысы, жаңа 4 учаскелік посттардың ашылуы мен 60,100 пәтерлі тұрғын үйлер тұрғызылады.

Моноқалалардың даму бағдарламасы жайында:

2013 жылы бағдарламаны жүзеге асыру үшін 1 086,1 млн теңге бөлінді.

Бағдарлама аясында мына жобалар жүзеге асырылады:

- Тенге,Қызылсай  ауылдарының аяқталмаған аймақтарында  инженерлік жүйе құрылысын жүргізу;

-Жаңаөзен қаласында көлік жолдарының кешенді құрылысы;

-Жаңаөзен аймағындағы Көктем шағын ауданының көшелерін абаттандыру;

        

 




Яндекс.Метрика