Адами капитал

Қорғаныс ведомствосының алқа отырысында әскери дайындық деңгейі талқыланды

Алқаға Қорғаныс министрлігі басшылығының өкілдері, департаменттер мен басқармалардың басшылары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары, әскери жоғары оқу орындарының, қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары қатысты.
Астана қаласы27 Қараша , 15:18

Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, отырыс барысында Қарулы Күштердің жай-күйіне байланысты бірқатар мәселелер қаралды. Соның ішінде, әскерлердің жауынгерлік әзірлігі, ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйі, оны жақсарту жөніндегі міндеттер талқыланды.

Біздің жауынгерлік әзірлігіміздің қаншалықты екендігін Оңтүстік әскери округін күтпеген тексеру барысы ішінара көрсетіп берді.

3 мыңнан астам адам мен 400-ге жуық әскери техниканы және 36 авиациялық техниканы бір уақытта дабыл белгісімен көтерген осындай оқу-жаттығу көптен бері болмаған.

Әскери техниканың дамуына қарай жауынгерлер алдында тұрған міндеттер де күрделеніп келеді. Олардың көлемі артып, еңбек сипаты сапалық тұрғыда өзгеруде, моральдық, моральдық-психологиялық және дене жүктемелері артып келеді. Бұл жеке құрамның саналы тұрғыда өсуін қажет етеді. Осылайша, бөлімнің жауынгерлік әзірлігі әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік әзірлігінен қалыптасады.

Күн тәртібіндегі Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мәселесі де үлкен маңызға ие.

 «Жоғарғы Бас Қолбасшы – еліміздің Президенті өз Жолдауында Қарулы Күштер алдындағы басты міндетті анық белгілеп берді, өйткенті күшті экономикасыз қуатты, жауынгерлік қабілетті, кез-келген әскери-саяси, экономикалық сипаттағы қауіп-қатерлерге қарсы тұра алатын армия болуы мүмкін емес. Сондықтан да біз оны іске асыруға белсенді атсалысып, өз үлесімізді қосуымыз қажет», - деп атап И.Тасмағамбетов.

Алқада сонымен қатар Қарулы Күштер авиациясын апатсыз пайдалану, Қорғаныс министрлігі қызметінің 2015 жылға арналған жоспарын орындау барысы, «Қарулы Күштердің күнделікті қызметін басқару орталықтарын» мамандармен жасақтау мәселелері талқыланды.

Қарулы Күштердегі әскери тәртіп пен құқық тәртібінің жай-күйі мәселесі бойынша Алқа отырысына қатысушылар барлық лауазымды адамдар, құрылымдар мен әскери басқару органдары арасында тиімді және практикалық өзара іс-қимылдың ортақ нүктелерін айқындау әскери тәртіпті нығайтуда үлкен роль атқаратынын атап өтті.

 




Яндекс.Метрика