Адами капитал

Ақмола облысында Президент Жолдауы түсіндірілді

Бүгін Ақмола облысында Ш.Уәлиханов атындағы ҚМУ-де ҚР парламент мәжілісінің депутаты Жексенбай Дүйсебаев Қазақстан Республикасы президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатымен университет оқытушылары және студенттерімен кездесу өткізді.
Ақмола27 Қараша , 16:18

Ішкі саясат басқармасында хабарлағандай, өз сөзінде депутат Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауының негізгі бағыттары мен мемлекет алдына қойған жаңа міндеттеріне тоқталды. 

Жексенбай Дүйсебаевтың айтуынша, Мамлекет басшысының тапсырмасы нақтылығымен және қойылған міндеттердің шынайылығымен ерекшеленеді.  Алда болуы мүмкін қаржылық-экономикалық дағдарыс кезеңінде Президент қаражатты мемлекет экономикасының өсуіне барынша әсер ете алатын салаларға бөлуді ұсынып отыр.    Бұл дегеніңіз көлік-логистикалық, индустриалдық және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту.  

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» жолдауы жалпы ел мен облыстың жаңа экономикалық даму бағдарламасы болып табылады. Мемлекет басшысы 2015 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерін қайта қарауды тапсырды, ал Үкімет алдына алдағы жылдарға арналған барлық әлеуметтік міндеттерді қамту  секілді нақты тапсырма қойды», - деді баяндамашы.




Яндекс.Метрика