Мәдениетті жаңғырту

Қазақтардың шығу тарихын генетикалық зерттеу үдерісі Ұлытаудан басталады – Сәкенов

Қазақтардың шығу тарихын генетикалық зерттеу үдерісі Ұлытаудан басталады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Ұлытау кешенді экспедициясының жетекшісі, «Қазақ ұлттық география қоғамы» директорының орынбасары Сәулет Сәкенов мәлімдеді.
Астана қаласы 27 Қараша, 14:29

«Ұлытаудағы генетикалық сараптама жобасы біздің ерекше генофондты көрсетуге қажет. Генетикалық  сынау алынатын болады. Біз қазақтың генетикалық құрамын зерттегіміз келеді, яғни оның ішіне қандай халықтар енгенін, генетикалық байланысты анықтау қажет. Бұл өте қызықты жайт, Қазақстан ортақ орталық-азиялық мәдениетке қосылғалы бері біраз өзгеріске ұшырады. Егер бұл іс біздің қолымыздан келсе қорытындыны келесі жылдың соңына дейін жасауға болады», - деді ол.

Экспедиция жетекшісі айтып өткендей, қазір Назарбаев Университетінде генетикалық зертеу жобасын әзірлеу сұрақтары көтерілуде.

«Мәселен, кез келген университет қызметкері кіріп өзінің генетикалық құрылымын біле алады. Біз аталмыш жобаның құрастырушыларымен кездестік, оларды Ұлытауға шақырдық. Олар Ұлытауға тағы келіп генетикалық материал алуға мүдделі. Бұл жоба біздің көмегіміз арқылы дами алады», - деді ол.

Айта кетейік, жоба ел бойынша жүзеге асады. Алайда, экспедицияға қатысушылар жоба авторын Ұлытауға шақырды.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика