Мәдениетті жаңғырту

С. Сәкенов: Ұлытау – экстрималды туризмді дамытуға қолайлы тарихи мекен

Ұлытау – экстрималды туризмді дамытуға қолайлы тарихи мекен. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Ұлытау кешенді экспедициясының жетекшісі, «Қазақ ұлттық география қоғамы» директорының орынбасары Сәулет Сәкенов мәлімдеді.
Астана қаласы27 Қараша , 14:17

«Ұлытау – тарихи-мәдени ескерткіштері көп киелі мекен, оның ішінде көп естеліктер ашылмаған, туристік нысандар кез келген адамның қызығушылығын тудыра алады. Әсіресе, автотуризмге қызығушылар үшін өте қолайлы. Егер де адамдар экстрималды  туризмді ұнататын болса, өте қолайлы мекен болып табылады. Таулар мен қыраттар, әсем каньондар мен пейзажы керемет», - деді С.Сәкенов.

Ұлытаудағы кешенді экспедицияның жетекшісі атап өткендей, ертеде дәл осы аймақ Қазақстанның саяси әрі мәдени маңызды орталығы болған.

 «Хандарды таққа отырғызу рәсімі осы аймақта өткен, айта кетсек, қазақтың соңғы ханы Кенесары да сол жерде ұлықталды. Жоңғарлармен шайқас өткен Бұланты өзені де сол жерде орналасқан. Меніңше, Ұлытау аймағы арқасында қазақ хандығы сақталып қалды, қазақтар дәл осы өңірде өз жүздерін жинап, жауларына төтеп бере алды», - деді ол.

Сондай-ақ, жетекшінің айтуынша, үлкен қызығушылық тарихи нысандарға түсіп отыр. Себебі, Ұлытауда Жошы хан, Едіге тауында Алтын орданың соңғы хандарының бірі Тоқтамыс хан жерленген.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика