Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

2015 жылы Ұлытау ұлттық табиғи саябағының ТЭН-і дайындалып, бітіріледі (Брифинг бейнебаяны)

2015 жылы Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының технико-экономикалық негіздемесі аяқталады. Бұл туралы «Биоәртүрлілік» тақырыптық кеңесінің вице-президенті, биология ғылымдарының кандидаты, қазақстандық биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы директорының орынбасары Сергей Скляренко Орталық комуникациялар қызметінде мәлімдеді.
Астана қаласы 27 Қараша, 13:21

 «Келесі Қазақстанның мемлекеттігіне 550 жыл толатын жылы осы керемет және ел үшін маңызды жерде ұлттық саябақ құрудың технико-экономикалық негіздемесі аяқталады және процесс басталады, ол жерге шынымен де ұлттық саябақ керек», - деді ол. 

Сонымен қатар С.Скляренко Ұлытау саябағын құру жұмыстарының не себептен уақытша тоқтап қалғанын да түсіндіре кетті. 

«Былтыр Ұлытауда экспедиция болғанға дейін Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын құру бойынша жұмыстар басталған болатын. Қазақстандық биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы жаратылыстану-ғылыми негіздемесін дайындады, экологиялық сараптама жасалды, технико-экономикалық негіздемеге дайындық басталды, дегенмен жұмыс уақытша тоқтап қалды, себебі жер мәселесіне қатысты бірқатар сұрақтар шешілмей қалды   - техникалық қателік, қазірі таңда ол ақырындап шешіліп жатыр, және біз ол жедел арада шешімін табады деп үміттенеміз», - деп түсіндірді   С. Скляренко.

Сонымен қатар 2020-2030 жылдары Бетпақ Дала мемлекеттік табиғи қорығы мен Солтүстік Балқаш маңынан мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ  ұйымдастырылатын болады. 

Индира Қауметова 





Яндекс.Метрика