ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Ақтөбе облысында 2016 жылы мектептердегі үш ауысымды оқыту жойылады - әкімдік

Ақтөбе обылысында соңғы 2 жылда 3400 орынға арналған 18 заманауи мектеп іске қосылды, олардың ішінде 11-і апатты мектептердің орнына, 4-уі бейімделген мектептердің орнына және 3-уі үш ауысымды мектептерді жою үшін, деп хабарлады өңірдегі әкімдіктен.
Ақтөбе27 Қараша , 19:23

Қазіргі таңда Ақтөбе, Алға, Қандыағаш және Хромтау қалаларында 600 орынға арналған 6 мектептің құрылысы жобалануда. 

«Қолға алынып жатқан шаралар нәтижесінде облыс бойынша апаттық мектептер үлесі ағымдағы жылы   2,2%-дан   0,7%-ға дейін азайған. Апаттық және үш ауысымда оқитын мектептерді жою мәселесі 2016 жылға қарай шешілетін болады», - делінген хабарда. 

Сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласында Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен басталған «Балапан» бағдарламасын табысты жүзеге асыру жалғасуда. Облыста екі жылда балалардың мектепке дейінгі ұйымдарында 3585 жаңа орын құрылды.  32 балабақша мен шағын орталық  іске кірісті. 

Сонымен қатар, балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету бойынша «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру және МДҰ-да орын тапшылығын қысқарту мақсатында 2020 жылға қарай 18 843 орынға арналған 150 мектепке дейінгі мекеме ашу жоспарланып отыр.   3-6 жас аралығындағы балаларды қамту   100%-ға жетеді, жалпы 1-6 жас аралығындағы балаларды қамту  - 77%.




Яндекс.Метрика