Инфрақұрылымның дамуы

Ақтөбе облысының 30 мыңнан астам жанұясы пәтерге ие болды – әкімдік

Ақтөбе облысында 30 799 отбасы 2005-2013 жылдары жүзеге асқан абаттандырылған пәтерлерге ие болды, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Ақтөбе27 Қараша , 15:34

Осы жылдар арасында облыста 3 607,5 мың шаршы метр пәтер пайдалануға берілді. 2014 жылы тағы 465 мың шаршы метр баспананы қолданысқа беру жоспарланған.

Сондай-ақ, 2015-2016 жылдары әлеуметтік жалға беру саласына инвестиция көбейтіледі, ол баспана құрылысын жеделдетуге мүмкіндік береді. «Ақтөбе агломерациясын дамытуды қарастыратын болсақ, жергілікті атқарушы органдар халықты баспанамен қамту үшін барлық жағдайды жасайды», - делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика