Инновациялар

Астанада балалар инновациясының даму болашағы талқыланды - ТДҰА

Астанада «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» (ТДҰА) АҚ және Қазақстандағы Британ Кеңесімен (British Council) арасындағы кездесу барысында білім саласындағы өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.
Астана қаласы27 Қараша , 14:46

Ұлттық компания мен кәсіпорын  өкілдері шақырылған кездесуде балалар инновациясын қолдау және дамыту болашағы талқыланды. 

ТДҰА-да хабарлағандай, қол қойылған Меморандумға сәйкес елдер Қазақстандағы инновациялық климаттың табысты дамуын қолдау және ықпал ету туралы келісті.  Меморандум аясында екі ел арасында Ұлыбританияның тәжірибесімен таныса отырып, оны кейін Қазақстанға бейімдеуді ескеріп, білімімен  алмасу жоспарлануда. Атап айтсақ, білім, жаратылыстану ғылымдары, инженерлік іс, технология және математика  саласында   STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) білім беру бағдарламасын жүргізу жоспарлануда. 

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік басқармасы төрағасының орынбасары Жұматай Салимов атап өткендей, аталмыш ынтымақтастықтың мақсаты - болашақ инноваторлардың, инженерлердің, техниктердің  техникалық  шығармашылығы мен кәсіптік бағдарын дамыту бойынша Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін орындау.  «Елорданың оқушылар сарайында   STEM бағдарламасын жүзеге асыру жоғары класс оқушыларына өнеркәсіптік кәсіпорын базасында қысқа мерзімді тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді, ал үздік инновациялық жоба  байқауының жеңімпаздары Ұлыбританияға барып, білімін ұштап қайту мүмкіндігіне ие болады» - деп атап өтті ол.




Яндекс.Метрика