Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Ақтөбе облысында қазба байлықтарды пайдаланушылар бойынша 90 келісім шарт жұмыс істеуде

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында қазба байлықтарын қолдану бойынша 90 келісім шарт жұмыс жасауда, деп облыстың ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтөбе26 Қыркүйек , 17:37

 «2013 жылдың 31 тамызы бойынша Ақтөбе облысында қазба байлықтарын қолдану бойынша 90 келісім шарт жұмыс жасауда. Келісімдер бойынша 59 компания үрдісті жүзеге асыруда», - деп хабарламада жазылған.

Ағымдағы жылдың 8 айы бойынша қазба байлықтарын пайдалану барысынан міндет бұзғанға байланысты  68 өтініш келіп түскен.

Бүгінгі таңда аталмыш жұмыс бойынша 12 келісім шарт бұзылды, оның 4-уі қарсы ынтымақтастық тарапынан болды.

Жалпы, қорытынды айналым бойынша 2 келісім шарт жүзеге асырылып, қазба байлықтарын қолдану туралы 2 рұқсатнама берілді. Осы сала бойынша сарапшылар өткізген 11 отырыс пен 5 жұмыс тобы кездесулер өткізді.Оның ішінде индустриалды-инновациялық қызмет бабы да алға тартылды.

«Запказнедра» аймақаралық департаменттің ақпараты бойынша, бүгінгі таңда құжаттар бойынша 81 келісім шарт расталды, 10 жобалық құжат іске әзірше қосылмады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика