Мәдениетті жаңғырту

«Әскери әндер» радиофестивалінің жеңімпаздары анықталды (Фото)

Биыл тұңғыш рет әскери-патриоттық әндер радиофестивалі өткізілді. 2014 жылғы қаңтардан бастап «Әскери әндер» «Қазақ радиосының» толқынында музыкалық шығармалардың трансляциясы басталды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 27 Қараша, 19:48

«Әскери тақырыпқа арналған қазақстандық композиторлары мен ақындарының шығармаларды орындау, сондай ақ авторлық шығармалардың орындалуы міндетті шарт болды. Елордалық Конгресс-холдағы гала-концерт ҚР Тұңғыш Президенті күнінің қарсаңында өтті», - делінген хабарламада.

Фестивальдың жеңімпаздары арнайы жүлделер, соның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің атынан Гран-при жүлдесін және лауреат атақтарын алды. «Үздік шығарма» номинациясында гран-приді «Сарбаздар» әнін орындаған Құрмаш Махан, Дәурен Сейітжан, Жұбаныш Жексенұлы үштігі алды. Бас жүлдені оларға Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров табыс етті. Мақсат Жәутіков үздік композитор деп танылса («Мәңгілік ел» әнімен), Талғат Күзембаев – үздік орындаушы, Нұрлан Нұртазин – үздік ақын атанды.

Есептік кезең ішінде 150 ақын мен 160 композитордың 198 музыкалық шығармасы келіп түсіп, финалға 16 ән таңдап алынды. «Әскери әндер» әскери-патриоттық әндер радиофестивалі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін арттыру, әскери –патриоттық жұмыспен тек армия жастарын, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді ғана емес, бүкіл республика жұртшылығын кеңінен қамту, жастар арасында әскери әндерді тарату, кәсіби және әуесқой авторларды қазіргі заманғы армия әндерін, әскери-патриоттық әндерді жазуға ынталандыру мақсатында өткізілген болатын. 
 





Яндекс.Метрика