EXPO-2017

Қазақстандық делегация Халықаралық көрмелер бюросының Бас Ассамблеясы жұмысына қатысты

Париж қаласында «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары – ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас Ассамблеясының 156-шы сессия жұмысына қатысты.
Әлемде27 Қараша , 11:33

Сессия барысында қазақстандық делегация соңғы Бас Ассамблея кездесуінен кейінгі кезеңдегі (11 маусым 2014 ж.) «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.Сессия барысында 2015 жылы Миланда өтетін көрменің, 2016 жылы Анталияда өтетін бағбандық көрме және Астана ЭКСПО-2017 мен Дубай-2020 көрме өкілдерінің есептері тыңдалды.

«ЭКСПО-2017» Комиссары халықаралық қатысушыларды шақыру, оның ТМД және Еуропа елдеріне алғашқы сапарлары, ҚР-дың ХКБ алдындағы міндеттемелерін орындау шаралары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, Р.Жошыбаев Астанада 22-24 қазанда ХКБ Бас хатшысы Висенте Лоссерталестің қатысуымен өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық қатысушыларының бірінші жиыны мен «Болашақ энергиясы» форумы туралы ақпарат берді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың даму жолдары мен алдағы 5-6 желтоқсанда болатын Франция Президенті Ф.Олландтың Астанаға сапары талқылады.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі 3 айға – 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін созылады. Көрмеге 100-ден аса мемлекет, 10-нан аса халықаралық беделді ұйымдар мен инновациялық технологиялар саласындағы көшбасшы компаниялар қатысады деп күтілуде.




Яндекс.Метрика