Өңірлер

Қазақстанда 2014 жылдың қазанындағы жалақы 118884 теңгені құрады - ҰЭМ

2014 жылғы қазанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 118884 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2013 жылғы қазанға 112,2%, ал нақты жалақы индексі 104,3% құрады, деп хабарлады ҰЭМ Статистика комитеті.
Казахстан27 Қараша , 12:33

«Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 240,8 мың теңге (2 есеге асты), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 237,7 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде – 203,8 мың теңге (1,7 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі жалақы білім беру қызметкерлерінде белгіленді – 74,4 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 37,4%-ға төмен», - делінген хабарламада.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 229,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Солтүстік облысында мұның шамасы 80,9 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 32,0%-ға төмен.

 




Яндекс.Метрика