Өңірлер

Қарағандыда қыс айларында ТЖ ескерту мәселелері талқыланды

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде аудандар мен қала басшылары қыс айларында ТЖ ескерту жасау мәселелері бойынша бас қосты, деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар департаменті.
Қарағанды27 Қараша , 11:48

Жиналыс барысында көтерілген негізгі тақырыптардың бірі Қарағанды қаласындағы жылуэнергетикалық орталығы (ЖЭО-1 және Теміртау қаласындағы (ЖЭО-1, ГРЭС-2) жылуэнергетикалық орталықтың жай-күйі болды. Сондай-ақ жиналыс барысында Қарағанды қаласындағы Шахтерский кентімен Теміртауға қарасты Актау кентінің жылу беру жүйесі де талқылауға түсті. 

Өздерінің баяндамаларымен жиналыста облыстың жылу беру және коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері мен әкімнің орынбасарлары сөз сөйлеп, өздерінің құзыреттілігіндегі нысандарға байланысты есеп берді. 

ТЖД хабарлағандай, 2014-2015 жылғы қыс айларындағы жылу беру маусымының ешқандай апатсыз өтуін қамтамасыз ету мақсатында қыс айларында жолдарда басқа да жағдайлардың болмауы үшін  Республикалық және жергілікті күре жолдардың уақтылы тазалануына қатысты, жылу маусымына қатысты көптеген тапсырмалар берілді. 

 




Яндекс.Метрика