«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Елбасы Жолдауы – халыққа жаңа серпін берді

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауы көпшілікке бір серпін сыйлағандай, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Жаңаарқа ауданының прокуроры А. Айтбеков.
Казахстан27 Қараша , 16:04

«Президент Жолдауының уақытынан бұрын жариялануы бүгінгі геосаяси оқиғалардың экономикаға әсер етуімен байланысты болды деп ойлаймын. Ресей мен АҚШ, Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық өзара санкциялардың әсері қазірдің өзінде Ресейдің ұлттық валютасының долларға шаққандағы бағасы тарихи рекордты орнатты. Бұл процесстер сөзсіз біздің мемлекетке де ықпал етеніні анық. Президент осы жайтты ерекше атап өтіп, алдағы ауыр экономикалық кезеңнің басталатынын айтты. Сондықтан, уақтылы әрекет етіп, экономиканың дамуын ұстап тұру үшін "Нұрлы Жол" экономикалық бағдарламасын ұсынды. Бұл Жолдау қысқа әрі нақты болғанын атап өту қажет. Яғни, Үкіметке анық тапсырмалар берілді. Ұлттық қордың қаражатын жұмсайтын уақыт келді - деп Президент атап өтті», - деді ол.

Ең бастысы бюджет, зейнетақы қорындағы қаражаттан бөлек, Ұлттық Қордағы ақша талан-таражға түспеуі керек.

«Менің ойымша, жалпы барлық Қазақстан халқын, оның ішінде біздің ауданымыздың жергілікті халқын қыруар жұмыс күтіп тұр. Егерде, осы бағдарламаның да қағаз, сөз жүзінде айтылып, іске келгенде әдеттегідей кейін тартып тұрса, онда өзімізге қиын болмақ. Сондықтан, тек сөзден іске көшіп, нәтижесін күту қажет. Бұл орайда, қадағалаушы орган – прокуратураның басына түсетін жұмыстары да жеткілікті болмақ. Ендеше, берілген Жолдаудағы тапсырмалар тиімді және заң жүзінде орындалар - деген сенімдеміз», - деді ол.

 

 




Яндекс.Метрика