«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

С.Шәріпханов: Елбасы нақты әрі негізгі бағыттарды айқындайтын жаңа ғаламдық міндеттер қойды

Көкшетау техникалық институтында институт бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Шәріпханов Сырым Дүйсенғазыұлының төрағалығымен Елбасының Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын талқылау бойынша кездесу өтті, деп хабарлады ТЖ комитеті.
Ақмола27 Қараша , 10:48

«Нұрлы Жол» - бұл барлық ел үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиға. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев Жолдауында әлемдегі жағымсыз тенденцияларға сәйкес еліміздің қазіргі даму басымдықтарын дұрыс әрі шұғыл қарастыруға нақты міндет қойды. Мемлекет КОБ  қолдауға, құрылыс, қаржы-банк жүйесіне, еліміздің тіршілік қызметін анықтайтын төрт салаға – транспорттық инфрақұрылымның дамуын басты назарға алды», - деді институт төрағасы С.Шәріпханов.

Баяндамашылар өз сөздерінде Жолдаудағы маңызды акцент халықтың кең ауқымын бастапқы жарнасыз және төменгі пайыздық ставкамен қол жетімді баспамен қамтамасыз етуге жасалғанын атап кетті, ол, әсіресе, біздің жастар үшін өте маңызды. 

С.Д. Шәріпханов қорытындысын шығара келе, Елбасы бұдан кейінгі нақты бағыттар мен негізгі бағыттарды айқындайтын жаңа ғаламдық міндеттерді қойғанын, оқу орындарының спецификасын ескере отырып, жолдаудың негізгі басымдықтарын іске асыру бойынша бірқатар міндеттер қойғанын атап кетті. 

 




Яндекс.Метрика