Ұлттың денсаулығы

Астанада Көру қабілеттері нашар мүгедек жандарды жұмысқа орналастыру мәселесі талқыланды

Астанада көру қабілеттері бұзылған жандардың құқықтық жағдайық дөңгелек үстел аясында талқыланды, деп хабарлады «Аржан» қоғамдық қоры.
Нұр-Сұлтан27 Қараша , 10:17

Дөңгелек үстел барысында көру қабілеттері бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыруға қол жеткізудің ұлттық және халықаралық стандарттары, көздері көрмейтін балаларды арнайы және инклюзивті оқыту, телевидениеде, мәдени-спорттық шараларда - театр, кино, стадиондарда, клубтарда  тифлокомментарий жасау мүмкіндіктері сөз болды.   

Қоғамдық қорда түсіндіргендей, негізгі мақсат Қазақстандағы көру қабілеттері бұзылған адамдардың құқықтық жағдайы, олардың проблемалары мен мүмкіндіктері.  Шара «Нұр Отан» орталық аппаратының, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қолдауымен, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың, мәдениет және қоғам өкілдерінің қатысуымен өткен.  

Сарапшылардың пікірінше, қоғамда көрмейтін және нашар көретін жандардың құқықтары мен қажеттіліктеріне қатысты шешімін таппаған бірқатар мәселелер бар.  

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  статистикасына  сәйкес, әлемде 285 млн адам нашар көреді. Қазақстанда 25 мың нашар көретін адам бар .

Айта кетерлігі, аталмыш кездесу «Аржан» қоғамдық қорының Роза Люксембург қорының Мәскеулік филиалымен бірлескен жобасы болып есептеледі. 




Яндекс.Метрика