Өңірлер

Елбасы Жолдауын қолдау – әрбір қазақстандықтың міндеті – ардагер

Елбасы Жоллдауын қолдау – әрбір қазақстандықтың міндеті, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Байғанин аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ибрахим Ермекбаев.
Ақтөбе27 Қараша , 09:48

«Мемлекет Басшысы инвестициялық ахуалды жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға көңіл бөліп, сол арқылы әлеуметтік жағдайды жаңа сатыға көтеруге күш салып отырғанын Жолдаудан анық байқадық. Бұның бәрі Елбасы бейнелеп айтқан ұлан-ғайыр, ұшқан құстың қанаты талатын кең байтақ елімізде іске аспақ», - деді ардагер.

Оның сәтті, нәтижелі болуы жол қатынастарына тікелей байланысты. «Жол азабын жорытқан білер» дегендей, 6,5 млн. гектар жерді алып жатқан біздің Байғанин ауданы жағдайында жол дегеннің қандай маңызға ие екенін жақсы білеміз, деді ол.

 «Ауданның солтүстік батысынан өтіп жатырған 140 шақырым жол бөлігі бүгінде жарамсыз жағдайда, ал аудан тұрғындарының 75% қамтитын Қарауылкелді, Жарлы, Ноғайты, Қопа, Ебейті елді мекендері осы Ақтөбе-Атырау мемлекеттік жолымен әлі жүріп жатыр. Ал осы жолдың жарамсыздығынан, Ақтөбеден Атырауға баратын барлық маркадағы автомобилдер мен жүк көліктері Орал арқылы айналма жолмен 600 шақырымға жуық артық жүріс жасауда», - деді ол.

Ол атап өткендей, жергілікті маңызы бар жолдар да өз жөндеуін күтуде. Елбасы Жолдаудың ең басты түйіні осы жол болмақ деп бүкіл қазақстандықтардың арман-мүдделерін «Нұрлы жол» деген екі ауыз сөзге сыйғызды. Қазақ ежелден жолаушыға «Жолың болсын!» - деп игі тілек тілеген. Ат көлігі аман, қиындық көрмей, шаруасы бітіп келген адам «Жолым болды!» - деп қуанады екен. Міне, жол деген үлкен мағынаға ие болатын осындай киелі ұғым. Енді еліміздің жолы нұрлы болатын күнде алыс емес. Тұрақты жұмыспен қамтылған, қол жетімді баспанасы бар, дені сау адамның бақуатты тірлік құруына мүмкіндік мол боларына сенімдімін.

«Біздің гүлденуіміз қазақстандықтардың ауызбіршілігінде. Сондықтан да Елбасы Жолдауды «Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті»,  деп қорытындылады», - деді ол.

Ардагерлердің де келешек ұрпаққа аманаттар ең басты байлығы – ел бірлігі. 




Яндекс.Метрика