Халықаралық интеграция

Е.Ыдырысов: Қазақстан БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қызметіне ағымдағы жылдың тамыз айында кіріскен БҰҰ бас хатшысының орынбасары - БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Кристиан Фриис Бахпен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ-нен.
Нұр-Сұлтан27 Қараша , 09:01

Олардың Қазақстанның Еуропалық экономикалық комиссиясымен (ЕЭК) өзара қарым-қатынасын, сондай-ақ Орта Азия елдерінің экономикасы үшін БҰҰ Арнайы Бағдарламасын (СПЕКА) жүргізу мәселелерін талқылағандығы аталып өткен. 

Е. Ыдырысов Қазақстанның ЕЭК мамандандырылған комитеттерімен ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ ынтымақтастықтың жаңа бағыттары мен форматын дамытуға мүдделі екенін қадап айтты. Ол қазақстандық тараптың БҰҰ Бас Ассамблеясының Орталық Азияда БҰҰ Азия және Тынық мұхиты өңірі бойынша экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АТМЭӘК)  мен ЕЭК біріккен субөңірлік үкіметін ашу туралы шешімін жақсы қабылдағанын мәлімдеді және субөңірлік кеңсенің Алматыда ашылуына қолдау көрсеткені үшін  Комиссияға алғысын білдірді.   

«СПЕКА-ны ары қарай жылжытудың маңыздылығы аталып өтті, әсіресе, Орталық Азиядағы су ресурстарын реттеу мәселелері мен Арал өңірінің экологиялық проблемалары тәрізді маңызды мәселелерде», - делінген хабарда.

Сонымен қатар сұхбаттасушылар өңірлік энергетикалық жобаларды жүзеге асыру бойынша ары қарай ынтымақтастықта болуға да қызығушылық танытты. ҚР СІМ басшысы БҰҰ ЕЭК-ге Қазақстанда бірінші энеретикалық тиімділік орталығының құрылуына көмек қолын созғаны үшін алғысын білдірді.  

 




Яндекс.Метрика