Мәдениетті жаңғырту

Тұңғыш Президент күніне орай елордада «Тарихи таңдау. Жасампаздық» көрмесі ашылды (ФОТО)

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейінде Тұңғыш Президент күніне орай елордада «Тарихи таңдау. Жасампаздық» көрмесі ашылды.
Нұр-Сұлтан 26 Қараша, 17:53

«Көрмеде 1991-1995 жылдар аралығындағы тарихи дәуір көрініс тапқан. Фотосуреттерде мемлекеттің құрылуы мен қалыптасуы және аяққа тұруы қамтылған. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдары мен Тұңғыш Президенттің қайраткерлігі өзара үндестік тауып, мемлекеттің, зайырлы, демократиялы даму жолға түсу жолы айқындалған. Артта қалған 23 жыл біздің дұрыс бағытта дамып келе жатқанына дәлел», - дейді ҚР алғашқы сыртқы істер министрі, саяси ғылымдар докторы Төлеутай Сүлейменов.

Айта кету керек, көрменің басты мақсаты тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізіне айналған бірінші реформалардың бүгінгі нәтижесін көпшілікке таныстыру.

«Бұл үшінші цикл болып табылады. Келесісі 1995 жылдан былай қарайғы дәуірді көрсетеді. Яғни кейінгі бес жылдықты қамтиды», - дейді.

Сонымен қатар, экспозициялар құрамына теңдессіз мұрағат материалдары, ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының қайраткерлігі мен еліміздің қалыптасу тарихынан ақпар беретін құжаттар, атап айтар болсақ, ядролық қарудан бас тарту, мемлекеттік рәміздердің пайда болуы, ұлттық валютаға өту, Еуразиялық одан идеясының туындауы, өзге де тарихи құбылыстар туралы тереңнен мәлімет берілген. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстанның қазіргі Конституциясының құрылуына қатысты материалдар өз алдына бір төбе. Келер жылы аталмыш осынау екі құндылықтың 20 жылдығы тойланатыны белгілі. Ұлтаралық және дінаралық келісім идеясы, Қазақстан халқы бірлігі біздің қазіргі таңдағы жалпыхалықтық идеямызға айналды. Оның қазіргі атауы «Мәңгілік Ел» ретінде көрініс тауып отыр. Ал Конституция 1995 жылы мемлкеттің даму жолына түсуіне бастау болып, Қазақстанның әлемдік деңгейде қалыптасуына жағдай жасады.

Индира Қауметова

Суретке түсірген  Азамат Алиев





Яндекс.Метрика