Үкімет

Астанада Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 17:44

«Отырыста Энергетика министрлігінің, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің мемлекеттік рәміздерді қолдану стандарттарын сақтау мәселелері қаралды», - делінген хабарламада.

Жиын барысында Гүлшара Әбдіқалықова заңнамалық нормаларды сақтауды қамтамасыз ету Елтаңба, Ту және Гимнге деген құрметті арттырудың, азаматтарды патриотизмге тәрбиелеудің қажетті шарты екенін атап өтті.

Комиссия мүшелері мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының баяндамаларын талқылап, анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған бірқатар ұсынымдар қабылдады.

Сондай-ақ, отырыста Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссия

 




Яндекс.Метрика