Энергетика

А.Сәтқалиев: «Самұрық-Энерго» АҚ 2015 жылы 25%-ға дейінгі инвестициялық топтамамен IPO-ға шығады

«Самұрық-Энерго» АҚ 2015 жылы 25%-ға дейінгі инвестициялық пакетпен IPO-ға шығады. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 17:42

«Жалпы, 2015 жылы біз IPO бағдарламасына шығамыз. Жекелеген, портфельді және жеке инвесторларға 20-25 пайыз шамасындағы пакетпен аталмыш бағдарламаға шығу үшін ауқымды шаралар атқару керек. Бірінші кезекте бұл активтерімізді жекешелендіру бойынша барлық блокты аяқтау. Біздің жекешелендіру бағдарламамызда барлығы 11 актив бар. Ол жеке секторға берілуі тиіс», - дейді ол.

Сатқалиевтің айтуынша, жекешелендірудің бірінші толқынынан компания 196 млн доллар көлемінде кірісті күтіп отыр. «Жекешелендірудің екінші кезеңінен 1 млрд доллар шамасындағы қаржы түсуі тиіс. Олар біздің инвестициялық бағдарламаны іске асыруға бағытталып, бұл өз кезегінде тариф тұрақтылығын, салық ауыртпалықтарын азайтуға, активтерді сатудың қаржылық жағына әсер етпек», - дейді басқарма төрағасы.Оның айтуынша, бағдарлама аясында актив саудасына қатысты барлық ақпаратты дер кезінде беріп, жан-жақты қарастырылмақ.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика