Энергияның балама көздерін дамыту

«Қазатомөнеркәсіп» Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада күн электр стансаларын салады - Школьник

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада қуаттылығы 10 ГВт болатын күн электр стансаларын салмақшы, деп ағынан жарылды ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник елімізге ресми сапармен келген Нидерланды Корольдігінің Экономиклық істер министрі Хенк Камппен кездесу қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясында.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 17:39

«Бүгінде  біз күн сәулесін электр энергиясына айналдыру технологияларын дайындау мен жетілдіруде әлемдегі үздік Голландияның ECN компаниясымен тығыз жұмыс істеудеміз. Біздер Таяу Шығыс елдерінде, оның ішінде Катарда бірлесіп жұмыс істеуге ниеттіміз. Бүгінде қуаты 10 Гвт-ты құрайтын күн панелдерін жасау жөніндегі байыпты жобаны қолға алын отырмыз», - деді ведомсвто басшысы журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында.

Министрі толықтырып өткендей, аталмыш мәселе бойынша қазіргі уақытта құрамында американдық, голландиялық және «Қазатомөнеркәсіп» мамандарынан құрылған топ жасақталған.

«Қазіргі уақытта біздер Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста қуаты 10 Гвт электр энергиясынан асып түсетін бірнеше күн электр стансаларын салу жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Бұл дегеніңіз Қазақстанның экспорттық мүмкіндігін кеңейту дегенді білдіреді», - деді В. Школьник.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика