Адами капитал

ҚР Жоғарғы Соты мен «Қазконтент» АҚ арасында ақпарат алмасу мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

ҚР Жоғарғы Соты мен «Казконтент» АҚ арасында ақпарат алмасу мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 17:21

 Меморандумға қол қоюдың басты мақсаты өзара ақпарат алмасу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту және дамыту болып табылады.

Құжатқа Жоғарғы Сот атынан Департамент басшысы Испанов Ілияс Сапарбекұлы, ал «Қазконтент» АҚ атынан ұйымның Басқарма төрағасы  Қыдырма Айдос Арғынбайұлы қол қойды. Кездесуде сөйлеген сөзінде І.Испанов бұл меморандумға қол қою Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Судьяларының VI съезінде сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығы мен қолжетімділігін арттыру бойынша берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі тәжірибелік шара болып табылатындығын атап өтті.

«Бұл меморандумға қол қою біз үшін өте маңызды. Сот жүйесіндегі өзгерістер мен ондағы жұмыстары біз бұқаралық ақпарақ құралдары ретінде тұрақты бақылауда ұстап отырамыз. Сот процестерінің ашықтығы мен жариялылығына біздің әріптестеріміздің сот отырыстарына еркін қатысуы дәлел. Сонымен қатар күрделі сот процестерін де жақыннан қадағалау біз үшін үлкен мәртебе. Мұның барлығы Жоғарғы Соттың осы мақсатта атқарып жатқан қызметінің жемісі. Бүгінгі Меморандум алдағы жұмыстарды жоспарлы және жемісті атқаруға мүмкіндік бермек», - деді «Казконтент» АҚ Басқарма төрағасы А.Қыдырма. 

«Қазконтент» АҚ strategy2050.kz ақпараттық порталы, Премьер-Министрдің ресми сайты, bnews.kz, baq.kz, kaztube.kz, e-history.kz, el.kz  ақпарат агенттіктері мен adebiportal.kz порталы секілді ірі жобалардың жұмысын сүйемелдейді.

 «Қазконтент» АҚ интернет-ресурстарын ай сайын 2,6 млн. тұтынушы қолданса, күн сайын қарайтындардың саны 88 мыңнан асады. 

Камила Амирова




Яндекс.Метрика