Мәдениетті жаңғырту

Қазақ хандығының құрылуы туралы бірқатар деректі фильмдер түсіріледі

Қазақ хандығының құрылғанына 550-жыл толуына орай атаулы күні кең ауқымда, барынша ақпараттық және медиялық қамтамасыз етумен аталып өтуі керек, деп хабарлады мәдениет және өнер департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауын жүзеге асыруға арналған ведомсвтоның кеңейтілген отырысында.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 18:17

Ақтоты  Райымқұлова атап өткендей, заманауи ақпараттық және мультимедиялық технологиялар дәуірінде Қазақ хандығының 550-жылдығы кең масштабта, барынша ақпараттық және медиялық қамтамасыз етумен аталып өтуі керек.  «Жоспар бойынша Қазақ хандығының құрылуы туралы ғылыми-зерттеулік бағдарламаларды, деректі фильмдерді  жетекші орталық телеарналардан көрсету көзделген», - деді ол.

Коллегия отырысына ҚР  Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Парламентінің депутаттары, ұлттық және республикалық орталықтардың жетекшілері, облыстық мәдениет басқармасының басшылары қатысты.

Сондай-ақ келелі кеңесте халықтың мәдени рухани дамуы өркендеген және гүлденген болашаққа ұмтылудағы басты жол, деп аталып өтті.

Бұдан басқа, Үкімет тіл саясаты, азаматтық  қоғам институттарымен ынтымақтастық орнату және масштабты жалпыұлттық жобаларды жүзеге асыру салаларында бірқатар тапсырмалар берді. 




Яндекс.Метрика