Адами капитал

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оркестрі қайырымдылық кештерін өткізуде

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні» қарсаңында ҚР ҚМ Әскери оркестрі Астана қаласы «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде» қайырымдылық концертін өткізді, деп хабарлады ведомство.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 19:18

 Музыканттар, олардың барлығы қазақстандық армия әскери қызметкерлері атақты қазақстандық композиторлар мен таяу және алыс шетел авторларының туындыларын орындады.

Әсіресе майдан жылдарының әндері мен қазіргі заманғы әскери-патриоттық әуендер разы болған көпшіліктің көңілдерінен орын алды. Тыңдармандар әскери жеке орындаушылардың музыкалық аспаптарды асқан шеберлікпен меңгергендіктерін жоғары бағалады.

«Біздің армияның әскери қызметшілеріне зор мақтанышпен  қараймын. Жігіттер нағыз қырандар секілді  іріктелген. Сарбаздарға, олардың командирлеріне, әрине  Жоғарғы Бас қолбасшысына – Президенті Қазақстанның Қарулы Күштерін құрудағы жігеріне үлкен алғысымды білдіремін», - деді өзінің әсерімен бөліскен Ұлы Отан Соғысының ардагері Олег Линник.

Ертең Орталық әскери оркестрдің музыканттары Астана әкімдігі «Балалар үйінің» тәрбиеленушілеріне өздерінің таланттарымен қуантпақ. ҚР ҚМ Әскери оркестр көптеген конкурстардың жеңімпазы, қазақстандықтарға өте танымал. Оркестр Республикамыздың танымал жеке орындаушыларымен  біріккен концерттік бағдарламаларда өнер көрсетеді.

Осындай бағдарламаларға  тұрақты қатысушылардың арасында – ҚР  халық әртісі, «Парасат» орденінің кавалері Клушкин Юрий, ҚР құрметті қайраткерлері Жәмилә Серкебаева, Игорь Благодарный, Александр Беляков, Қанат Ахметовтер бар. Бүгінгі таңда оркестрде қазақстандық эстрадасының танымал жұлдыздары, халықаралық конкурстардың лауреаттары – Бауыржан Исаев, Дария Габдул, Марина Бейсеханова және тағы да басқалар жемісті жұмыс атқаруда. 

 

 




Яндекс.Метрика