Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстанда голландиялық әріптестердің қатысуымен логистика университетін ашу ұсынылуда

Kazlogistics тасымалдаушылар одағы бас директоры Ерхат Ісқалиев Қазақстан-Голландия Іскерлік кеңесінің 1-ші отырысында голландиялық әріптестерімен бірлесіп Қазақстанда логистика университетін ашу туралы ұсыныс тастады.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 16:53

«Голландиялық компания ҚБТУ-мен бірлесіп теңіз академиясын құрғаны белгілі. Келісімшарт 4 жылға құрылған. Өз кезегінде голландиялық әріптестерімен бірлесіп Қазақстанда логистика университетін ашу туралы ұсыныс айтамыз», - дейді Е.Ісқалиев.

Қазіргі таңда, оның айтуынша, осынау жұмыстар ағылшын және неміс компанияларымен жолға қойылған.  

Қазақстанның логистикалық картасын дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Ол Қазақстан аумағы арқылы тасымалдауға қажетті аймақтар бойынша толыққанды ақпарат бермек.

«Кедендік одақ аясында Қазақстан қарастыру жағынан ең төменгі ҚҚС-12 пайызға ие. Ал РФ-да бұл көрсеткіш 18 пайыз болса, Беларусьте 20 пайыз. Бұл дегеніңіз логистикалық өнімді құру үшін өзге мемлекеттерге шығу үшін ең тиімдісі Қазақстан арқылы жүк тасымалдау», - дейді.

Сонымен қатар Қазақстан-Голландия іскерлік кеңесі аясында шекара мен порттардағы терминалдарға технология енгізу мен логистика транзитіне қатысты мәселелерді Голландия компанияларымен жұмыс тобын құру туралы ұсыныс айтылды.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика