Жасыл даму 2050

«Жасыл» экономикаға өтудің құралы – «Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасы

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған «Жасыл өткел» әріптестік бағдарламасы республикамыздың «жасыл» экономикаға өтуінің бірден бір құралы, дейді Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-сараптау орталығының Бас директорының орынбасары Людмила Шабанова.
Казахстан26 Қыркүйек , 16:01

Сеулдің бастамасымен қолға алынған «Жасыл өткел» бағдарламасы «жасыл  экономиканы» нығайту жолында бірқатар міндеттер жүктеді.

Нәтижесінде саяси-консультативтік  форумдар өткізіріп, осы мақсатта жобалар қолға алынды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты  Еуропа, Азия мен Тынық мұхит елдері арасында  байланысты жақсарта отырып, экологиялық бекемдікті сақтау, тұрақты дамуға  мұрындық болатын «жасыл» экономиканың ағымдағы мыңжылдықта қалыпты өрлеуіне жағдай жасау.

Қазіргі таңдағы климаттың өзгеруімен байланысты, энергетикалық мәселелер мен аймақтық талас-тартыстар секілді жаһандық қауіп-қатерлер жаңа әлемдік  интеграция мен жаңа шешімдерді талап етеді.

Халықаралық РИО+20 құжатының негізгі бағдарламасы: «Біз тұрақты дамуда аймақтық  және аймақаралық бастамаларды көтереміз. «Жасыл өткел» секілді бағдарламалар  баршаға ашық және әркімнің қатысуына мүмкіндік береді».

Әріптестік бағдарламаның мүмкіндіктері мен атқарылу жолы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту мен тұрақты дамуға  бағытталған.

«Жасыл» өрлеу үстіміздегі мыңжылдықта тұрақты даму және кедейлік пен экологиялық ластануға қарсы күресте негізгі шешім жолы бола алады.

«Жасыл» экономикаға өту тек қана мемлекттік секторлар мен жекелеген секторлардың, сондай-ақ қоғамның бірігуі арқылы ғана іске асады. Ол үшін үкімет«жасыл»

 «Жасыл» экономикаға өту тек қана мемлекттік секторлар мен жекелеген  секторлардың, сондай-ақ қоғамның бірігуі арқылы ғана іске асады. Ол үшін үкімет«жасыл» кәсіп пен технологияны қолдап, оның қанат жаюына жағдай жасау керек. «Жасыл» өту саннан сапаға ауысу деген сөз.

Әріптестік бағдарламасының нәтижесі табиғатты ластау сипатынан келісілген түрде эклолгиялық тазалықты сақтау сипатына ауысады.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика