Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні ел тарихындағы маңызды күн - ҚХА

Бүгін ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында өткен «Ұлт көшбасшысы: қоғамдық келісім мен ұлтаралық толеранттылық» тақырыбында өткен Қазақстан халықтар ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысының қатысушылары Мемлекет басшысының атына құттықтау хат жолдады.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 17:02

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстан халықтары Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесі мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының халықаралық ғылыми семинарына қатысушылар атынан ҚР Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз.  Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күні біздің ел тарихындағы маңызды күнге айналды, ол жаңа мемлекет құрылымының базалық негізінің маңыздылығы мен құндылығын бағалауға мүмкіндік береді», - делінген хат мәтінінде. 

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың оның экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуының алдында тұрған көптеген және кезек күттірмейтін міндеттерді шешудегі рөлі аталған.   «Сіз гүлдену мен дамуға бастар ең сенімді кілтті таптыңыз. Ол кілт ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі».

ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің қатысушылары Қазақстан Президентінің ел халықтарының бірлігін нығайту мен қағамның бірігуіндегі рөлін де атап өткен.  «Сіздің «Мәңгілік ел» идеяңыз -   бұл өткен тарихтың, халық даналығының, саяси стратегия мен болашаққа деген сенімнің   квитнэссенциясы.    Бүгінде Қазақстан - әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі, мықты экономикасы, ауыз бірлігі мықты халқы мен болашаққа деген үлкен жоспарлары бар ел», - делінген құттықтауда.

«Біз Сіздің бейбітшілік және келісім, сенім және толеранттылық саясатыңыз әлемдік даму болашағының негізгі құндылықтары болып табылады деген сенімдеміз.   «Нұрлы жол - Болашаққа бастар жол» жолдауы алда тұрған проблемаларды нақты атап, әлемдік процестерге деген ашық көзқарасын білдіріп,    халықтың әл-ауқатын нығайту саясатын айқындады», - делінген құттықтау хатында.   




Яндекс.Метрика