Энергияның балама көздерін дамыту

ҮИИД МБ-2 аясында Екібастұз ГЭС-1 қуаттылығын 4 мың МВт-қа дейін жеткізу жоспарлануда

ҮИИД МБ екінші бесжылдығы аясында Екібастұз ГЭС-1 қуаттылығын 4 мың МВт-қа дейін жеткізу жоспарлануда, деп хабарлады «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев ОКҚ өткен брифингінде.
Нұр-Сұлтан 26 Қараша, 16:36

«Алдағы бесжылдықтың жоспары бойынша айтатын болсақ, Екібастұз ГЭС-1 толығыман қайта қалпына келтірсек дейміз. Біз оның қуаттылығын 4 мың мегаваттқа дейін жеткізбекшіміз. Ал осы жылы қуаттылығы  500 МВт болатын блокты іске қоссақ, 2017 жылы Экібастұз ГЭС 8 блогының соңғысын жаңғырты жұмыстарын аяқтаймыз. Сондай-ақ, ГЭС-2 үшінші блогының құрылысын аяқтаймыз.   Барлық сегіз блокқа фильтрлар орнатылған, себебі біз экологияға барынша көңіл бөлудеміз», - деді А. Сәтқалиев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ірі жобалардың ішінде Алматы облының гидроәлеуетін арттыру бойынша  маңызды жоспарларда бар. «Кезінде ынтымақтастық туралы меморандумға отырған болатынбыз. Бүгінде ТЭН соңғы кезеңінде», - деп толықтырды А. Сәтқалиев.





Яндекс.Метрика