Өңірлер

Ақмола облысы Запорожье ауылында Тұңғыш Президент күніне орай Салтанат сарайы ашылады

Ақмола облысы Запорожье ауылында Тұңғыш Президент күніне орай Салтанат сарайы, мейрамхана, кондитерлік цех, шынығу залы мен қонақ үй ашылады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Ақмола26 Қараша , 18:03

Облыс әкімі Сергей Кулагин Жақсы ауданына жасаған жұмыс сапары аясында ауданның әлеуметтік нысандарын аралады. Аудан орталығына келген облыс әкімі алдымен Мәдениет үйіне бас сұқты. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ғимаратқа жалпы құны 81 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілген», - делінген хабарламада.

Жаңа Қима ауылында «Ангус» тұқымды мүйізді ірі қара малын өсірумен айналысатын «Жаңа Жол» ЖШС кәсіпорны жұмыс істейді. Қазіргі таңда шаруашылықта 553 бас ірі қара бар.

Запорожье ауылында облыс басшысы таяуда ғана ашылған корпустық, кеңсе және үй жиһаздарын шығаратын цех жұмысымен танысты. Жаңа кәсіпорынның ашылуы 20 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Айта кету керек, барлық жұмыскерлер «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша оқытылған. Кәсіпорын қазіргі таңда өзге де өңірлердің тапсырыстарын қабылдауда. Сонымен қатар Тұңғыш Президент күніне орай ауылда Салтанат сарайы, мейрамхана, кондитерлік цех, шынығу залы мен қонақ үй ашылмақ.

Әкімдіктің хабарлауынша, биыл Жақсы ауданында егістік мол шыққан. Қазіргі таңда «Перекатненский элеватор» ЖШС астықты кептіріп, сақтап отыр. Облыс әкімі ол жаққа да ат басын бұрды. Қамбаның жалпы сиымдылығы 56 мың тонна.




Яндекс.Метрика