Энергияның балама көздерін дамыту

Ерейментаулық желпаркінің қуаттылығы 95 МВтқа ұлғайтылады - Сәтқалиев

Ерейментаудағы бірінші қазақстандық желпаркінің қуаттылығы 95 мегаваттқа дейін ұлғайтылады, деп хабарлады «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев ОКҚ өткен брифингінде.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 16:05

«Энергетикалық хартияның отырысы аясында біз Еуропаның даму және қайта құру банкімен  Ерейментауды дамытудың екінші кезеңіне өту үшін несиелік келісімшартқа отырдық. Яғни біздің оның қуаттылығын 95 мегаваттқа дейін арттыруға мүмкіндігіміз бар», - деді А. Сәтқалиев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, компания ең арзан қаржыға қол жеткізуге мүмкіндік алады. «Дәлірек айтсақ, несие  1,25% пайыздық үстем ақымен 20 жылға беріледі. Осылайша жобаның табысылығы мен тұрақтылығы қамтамасыз етіледі», - деп толықтырды ол.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы қуаттылығы 45 мегаваттқа жететін  Ерейментаудағы желпаркінің құрылысы аяқталады. Оның заманауи технологиясы аса ауыр климаттық жағдайға бейімделген.

Айта кетерлік жайт, EXPO-2017 нысандарын электр энергиямен  Ерейментаулық желпаркі қамтамасыз етеді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика