Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Ақтаудағы құйма зауытының өндірістік қуаты 100%-ға жеткізілетін болады - Ұлттық агенттік

«Ақтау құйма зауыты» АҚ Иранға 77 млн АҚШ долларына болат прокатын жеткізуге экспорттық мәміле жасады, деп хабарлады KAZNEX INVEST ұлттық агентігінінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау26 Қараша , 17:18

«Жол картасын» жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың қараша айында ҚР ИДМ «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Тегеранда қазақстандық өндірушілердің өңделген өнімдерінің сауда миссияларын ұйымдастырды. Бизнес-форум аясында болат прокатының қазақстандық өндірушісі ирандық трейдерлермен келіссөздер жүргізді.    Кездесу қорытындысында Қазақстаннан болаттың салқын илемдері  прокатының 180 мың тоннасын жеткізу туралы мәміле жасалды», - делінген хабарда. 

«Иран Қазақстанның экспорттық стратегиясына сәйкес отандық өнімді өткізуге тиімді 12 ел  қатарына кіреді. Мысалы, биыл  осы елдің нарығына қазақстандық өндірушілерді шығаруға алғашқы қадам жасалды. Бұл жұмыс келесі жылы да жалғасын табады. Оның үстіне бұған «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» темір жолының ашылуы да ықпал етеді, оны ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында біздің ел Президенті Н.А.Назарбаевтың қатысуымен аіске қосу жоспарлануда», - деп атап өтті ұлттық агенттіктің басқарушы директоры Асқар Арынов.

Жалпы, сегіз айдың қорытындысы бойынша металлургиялық өнімнің Иранға экспорты былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2,5 есе өскен (140 млн АҚШ долларынан 360 млн долларға дейін) немесе физикалық көлемде 1,2 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін, өсім 25%.




Яндекс.Метрика