Мәдениетті жаңғырту

Будапештте «Беймәлім Қазақстан» атты фотокөрмесі ашылды

ҚР Мажарстандағы Елшілігі ҚР Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті және ҚР Тәуелсіздік күніне арнап, шетелде ең бірінші рет ұйымдастырылып отырған «Беймәлім Қазақстан» атты фотокөрмесінің ресми тұсау кесу салтанатын өткізді, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Әлемде26 Қараша , 19:33

«Будапешт қаласының «Корвинус» экономикалық университетіндегі көрмесінде ҚР Тұңғыш Президенті Қорының қолдап отырған соңғы екі жылдың ең жарқын жобалардың ішіндегі іріктеп алынған таңдаулы жұмыстар ұсынылды. Қор және «Intel» мен «Nikon» компаниялар көмегінің арқасында кәсіби фотографтар тобы Тянь-Шань тауынан Каспий теңізіне дейін алыстағы жерлерге экспедицияны ұйымдастыруға мүмкіншілігі беріліп, еліміздің сан алуан табиғатын бейнелеп көрсететін таң қалдыратын табиғи көрінісінің топтамасын жинады», - делінген хабарламада.

Ашылу салтанатында ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрбах Рүстемов, Мажарстан Сыртқы экономикалық және сыртқы істер министрлігінің Мәдени дипломатиясы үшін жауапты Мемлекеттік хатшысы Иштван Ийдьярто, ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директорының орынбасары Сергей Тоқтаров, «Корвинус» университетінің ректоры Жолт Роштовани мен «Беймәлім Қазақстан» жобасының серіктес авторы, фотограф Андрей Шишкалов сөз сөйледі.

 

 




Яндекс.Метрика