EXPO-2017

Түркия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға және оның өткізілуіне жан-жақты жәрдем көрсетуге әзірлігін білдірді

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейт Түймебаев ТР Сыртқы істер министрі Мевлют Чауышоғлымен кездесті. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардағы көптеген мәселелер бойынша пікір алмасылды, оның ішінде саяси диалогтың ахуалы мен болашағы, сауда-экономикалық, инвестициялық, әскери-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Әлемде26 Қараша , 18:47

«Елші Ж.Түймебаев Түркия СІМ басшысын ҚР-ның 2017-2018 жылдараға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қолдау көрсеткені және де басқа ҚР сыртқы саяси бастамаларына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Елші сұхбаттасын еліміздің басты жетістіктерінен және қазақ-түрік ынтымақтастығының даму барысынан хабардар етіп, Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі тармақтарымен таныстырып, оның түрік тіліндегі нұсқасын табыстады», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде М.Чауышоғлы Қазақстанның өңірдегі көшбасшы рөлін атап өтіп, оның Президент Н.Назарбаевтың жүргізген салиқалы сыртқы саясатының арқасында екендігіне назар аударды. Сұхбат барысында Қазақстанның Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» дүниежүзілік көрмесіне дайындығы туралы мәселе қозғалды.

 «Қазақстан «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасының арқасында дағдарыстан кешіп өткен аз ғана күшті мемлекеттердің арасында бола алады. Қазіргі тұрақсыз заманда, ірі алпауыттардың тағдырлардың тоғысқан жерінде тұрғаны кезінде, ҚР Президенті Н.Назарбаев ерекше іс-әрекеттер жоспарын ұсынды», - деп, М.Чауышоғлы мәлімдеді.

«Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамалары әрқашан да өзекті, әрі әлемдік деңгейде ғаламды», - деп, ТР-ның сыртқы саяси ведомствосының басшысы атап өтті.

Тараптар ынтымақтастықтың экономикалық бағдарына да көңіл бөлді, және 2012-2015 жылдарға арналған «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын егжей-тегжейлі талқылады.

Сұхбаттың аяғында М.Чауышоғлы Қазақстан халқы мен басшылығын келе жатқан ҚР-ның Тұңғыш Президенті күнімен және Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен құттықтады. Ж.Түймебаев түрік сыртқы саяси ведомствосының басшысына Елшіліктің күшімен түрік тілінде басылып шығарылған ҚР Президенті Н.Назарбаевтың таңдаулы шығармаларының бестомдығын, «Қазақстан-Түркия: дотық пен ынтымақтастықтың 20 жылы», «Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – әлемдік деңгейдегі көшбасшы» кітаптарын табыс етті.




Яндекс.Метрика