Мәдениетті жаңғырту

Астанада ҚХА мен Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты меморандум орнатты

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің «Елбасы: қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық» тақырыбындағы кеңейтілген отырысы және «Қазіргі замандағы діліндегі этностылық және конфессионалдылық: әдістеме және зерттеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинары өтті, деп хабарлады Академияда.
Нұр-Сұлтан 26 Қараша, 16:33

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің «Елбасы: қоғамдық келісім және этносаралық толеранттылық» тақырыбындағы  кеңейтілген  отырысы және «Қазіргі замандағы діліндегі этностылық және конфессионалдылық: әдістеме және зерттеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинары өтті», - делінген хабарламада.

 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  күніне арналған іс-шараларға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының жетекшісі Ералы Тоғжанов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Абдрасилов және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Карин қатысты.

Аталмыш іс-шаралардың негізгі мақсаты – мемлекеттік этносаясат пен этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы зерттеулерді әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік жетілдіру және кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерін талқылау және айқындау. Сонымен қатар,  бұл іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған  «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында берілген ұлттық бірлікті қалыптастыру мен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету және саяси тұрақтылықты нығайту бойынша тапсырмаларын орындау мақсатында ұйымдастырылған.

Іс-шара шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясы және  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы және халықаралық ғылыми семинар жұмысына жетекші шетелдік сарапшылар Байрам Балчи (Франция), Алишер Сабиров (Өзбекстан), Татьяна Дронзина (Болгария), Хуман Садри (АҚШ), Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚХА ҒСК-нің мүшелері, өңірлік ҒСТ-ның жетекшілері, облыстық ҚХА Хатшылықтарының және Достық үйлерінің өкілдері, сонымен қатар Астана, Алматы, Көкшетау, Семей, Шымкент, Павлодар қалаларынан қазақстандық ғалымдары қатысуда.   





Яндекс.Метрика