Ақылды экономиканы дамыту

Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуіндегі білім-ғылымның жаһандануы

Саясат, Экономика, Білім беру салаларында Қазақстанның әлемдік аренаға шығуы мен шет елдік әріптестермен экономикалық, іскерлік және мәдени байланысқа енуі шет тілдерін меңгеруді талап етеді, дейді Рудный Индустриялық Институтының оқытушысы Ольга Кудрявцева.
Казахстан26 Қыркүйек , 15:43

«Қазіргі уақытта шекаралар адамдарға шектеу болмайды, қашықтық та қиындық туғызбайды. «Жаһандану» ұғымы «өзара байланыс», «интернационализм» терминдерінің орнына келді. Бұл өз кезегінде халықаралық байланыстардың экономикалық, саяси және мәдени салаларында даму кезеңін алып келді. Әлеммен байланыс орнату үшін шет тілдерін меңгеруге мұқтажбыз» - деді ол.  

Жаһандық білім беру жүйесі кезінде елімізде ұлттық білім беру жүйесін дамыту және түрлі салалардағы шет елдердің мамандарымен тығыз қарым-қатынас құрып, тәжірбие алмаса алуымыз үшін ол елдердің тілдерін еркін меңгеруіміз керек, дейді ұстаз.

Ольга Кудрявцеваның   айтуынша, алдымыздан шығатын қиындықтардың бірі отандық ЖОО дипломдарының білім алған уақытының  сай келмеуі себебінен  шет елдерде мойындалмау мәселесі.

Қазақстандық оқу орындары білім берудің кредиттік жүйесіне көшуі бәсекелестікке төтеп берудің ұтымды жолы.

Айта кету керек, дипломның шет елдерде мойындалуы мен сұранысқа ие болуы білім беру мекемесі жүйесінің әлемдік стандарттарға сай болуына байланысты.

Бүгінде Еуропалық елдері тарапынан бірыңғай «Еуропалық тілдер дорбасы» бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл бағдарлама осы елдердің өзара тілдерін меңгеруіне мұрындық болады деп есептеледі.

Сонымен қатар, азаматтардың шет тілін үйренуі үшін отандық ЖОО шетел университеттерімен тығыз қарым-қатынас құруы керек.

 




Яндекс.Метрика