Адами капитал

Азаматтық және мемқызметкерлердің кейбір санаттарына еңбекақы төлеудің жаңа моделі енгізіледі-Перепечина (Фото)

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық және мемлекеттік қызметкерлердің кейбір санаттарына еңбекақы төлеудің жаңа моделі енгізіледі. Оны қаржыландыруға 2015 жылы 157 млрд теңге, ал алдағы үш жылға 719 млрд теңге бөлінеді, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ольга Перепечина.
Нұр-Сұлтан 26 Қараша, 13:29

«Мемлекет өзіне алынған әлеуметтік міндеттемелер бойынша шығыстарды бір теңгеге де қысқартпайды. Керісінше, ұлғая түспек. Мысалға, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап азаматтық және мемлекеттік қызметкерлердің кейбір санаттарына еңбекақы төлеудің жаңа моделі енгізіледі. Оны қаржыландыруға 2015 жылы 157 млрд теңге, ал алдағы үш жылға 719 млрд теңге бөлінеді», - дейді депутат.

Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ольга Перепечинаның сөзіне сүйенсек, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы көбеймек. Осы мақсатта 2015-2017 жылдары 94 млрд теңге бөлінсе, оның 40 млрд теңгесі нысаналы трансферт түрінде жергілікті бюджеттерге бағытталмақ.

«Жалақыны, шәкіртақыны, мүгедектігі және асыраушысынан айырылғандығы жөніндегі жәрдемақыларды көтеру, зейнетақымен қамтамасыз етуді реформалау барша қазақстандықтардың көкейіндегі мәселелер екені сөзсіз. 2015-2016 жылдары әлеуметтік қорғау шығындары шамамен 6 млрд теңге болса, соның ішінде 1,7 млрд теңгесі 2015 жылға тиесілі», - дейді Ольга Перепечина. 

Бауыржан Мұқанов

Суретті түсірген Азамат Әлиев 





Яндекс.Метрика