Парламент

Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын арнайы комиссия бақылайтын болады – Ахметов

Елбасының Жолдауында айтылғандай, квазимемлекеттік секторды дамытуға мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуын осы мақсатта арнайы құрылған комиссия бақылайтын болады, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің Төрағасы Рашит Ахметов.
Нұр-Сұлтан26 Қараша , 12:51

«Елбасы Жолдауда экономиканың квазимемлкеттік секторына Ұлттық қордан қаражат бөлінетінін айтқаны бәріміздің есімізде. Осы орайда бөлінген қаражаттың қайтарымды болатынын айта кеткім келеді. Аталмыш қаражат өзінің міндетін орындағаннан кейін қайта Ұлттық қорға қайтарылады. Ал енді осы қаражаттың квазимемлекеттік сектордың тиімді пайдалануын арнайы құрылған комиссия бақылайтын болады. Оның құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары кіреді»,- деп мәлімдеді сенатор.

Оның айтуынша, осы мақсатта елдегі бюджет кодексіне де түзетулер енгізіліп, арнайы есеп шотттары ашылды. Аталмыш жұмыстар тікелей Елбасының бақылауында болып, комиссия өз жұмысын Мемлекет басшысына баяндап отыратын болады. Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың орынсыз және мақсатсыз пайдаланылмайтынына күмән келтірмеген депутат, аталмыш шаралардың ашық және жариялы түрде өтетінін алға тартты.

Бауыржан Мұқанов 




Яндекс.Метрика